Әдетте, орталыққа жақын болған сайын қымбатырақ болады. Бірақ «Молодежный на Тулебаева» кешенінде бәрі өзгеше! Мұнда Арбаттың жанындағы «алтын шаршыдағы» пәтер немесе коммерциялық нысан Алматының өзге аудандарына қарағанда арзанырақ түседі.
Тұрғын үй кешені Арбаттан 3 минуттық жерде орналасқан. Сондай-ақ айналасында екі ірі сауда орталығы – «ЦУМ» және «Пассаж», екі кинотеатр – Lumiera Cinema және «Цезарь», «Арасан» монша сауықтыру кешені, сонымен қатар театрлар, кофейнялар мен мейрамханалар, түрлі сән бутиктері, кітап және зергерлік дүкендер орналасқан. Мұнда өмір қайнап жатыр, зерігетін уақыт болмайды.
«Молодежный на Тулебаева» пәтерлері жас отбасылары үшін тура келеді. Дәл осындай пәтерді айына кем дегенде 150 000 теңгеге жалдап тұрғанша, кейінгі ипотекамен бөліп төлеуге сатып алыңыз! Болашағыңызға тамаша салым!
Тұрғын үй кешенінен қаланың кез келген жеріне жаяу, велосипедпен немесе қоғамдық көлікпен тез жетуге болады. Егер автокөлігіңіз болса, онда сізге жер асты паркингі қарастырылған. Ал қонақтарыңыз көлігін қонақтарға арналған тұраққа қоя алады.
Жаңа үйлерден пәтер немесе коммерциялық нысан таңдағанда құрылыс компаниясының басқа да жұмыстарымен танысуды ұмытпаңыз. SABA GROUP KZ-тың табысты жобалары: Шевченко көшесіндегі «Молодежный», Terrenkur Terrace, Medeu Park, «Престиж», «Центральный», «Комфорт» және «Мечта».
Тұрғын үй кешенінде қызметтің кез келген түрі үшін барлық қажетті жағдайлар қарастырылған. Бірінші қабатта супермаркет, косметологиялық орталық, тұрмыстық қызмет көрсету пункттері, туристік фирма, электроника, киім, үй тауарлары және тағы басқаларын сататын интернет-дүкендер орналасқан. Үй-жайлардың иелері үшін артықшылықтар айқын: орналасқан жері қолайлы, адам қарасы үзілмейді, үй-жайларды жалға беруден тұрақты табыс.
Барлығының ортасында
12 қабат
2 подъезд
2,8 м төбелердің биіктігі
Құрылыс барысы
«Молодежный на Тулебаева» тұрғын үй кешені
Алматы, Медеу ауданы Төлебаев көш. – Гоголь көш.
№1 офис
«Центральный» ТК Алматы, Құрманғазы көш., 97